$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда тұрғыны көлікте жалғыз қалған үш жасар баласын жоғалтып алды

Бала әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте көліктен түсіп кеткен

Қызылорда тұрғыны көлікте жалғыз қалған үш жасар баласын жоғалтып алды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы әкесімен қауыштырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy MadeniPortal.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов пен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқаған.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіре бастаған. Көп ұзамай баласын жоғалтқан әкені тауып, баламен аман-есен қауыштырды.

«Тексеру барысында әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған»,- деп жазылған ақпаратта.

Баланың ата-анасы қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары