26.10.2025, 13:45
Жаңалықтар
Шымкентте отшашудың соңы өртке ұласты
Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метр болды
Фото: © istockphoto.com
Шымкенттің Нұрсат шағынауданында 25 қазан кешінде отшашу кезінде құрғақ шөпке от тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт қалай басталды?
Төтенше жағдай 23:42-де тіркелген. Оттың шығуына мерекелік отшашудың ұшқындары себеп болғаны айтылады.
Өрттің жалпы аумағы — 250 шаршы метр.
Құтқарушылар дер кезінде жетті
Қалалық ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші, 4 арнайы техника жұмылдырылған.
Өрт 23:50-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды