26.10.2025, 11:42
Жаңалықтар
«Қайрат» – «Астана» матчы: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады
Бұл шешім қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған
Фото: polisia.kz
Алматыда 26 қазан күні өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай көшелер жабылады?
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.
Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Полиция тұрғындарға үндеу жасады
Құқық қорғау органдары алматылықтарға келесі кеңестерді берді:
- жолға алдын ала жоспар жасап шығу
- көлік қозғалысына қойылатын уақытша талаптарды түсіністікпен қабылдау
- жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.
«Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», – деді ведомство.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды