26.10.2025, 00:30
Жаңалықтар
«Бурдж Халифа» Қазақстан туымен безендірілді (ВИДЕО)
Видеоны Қазақстанның Дубайдағы консулдығы жариялады
Фото: видеодан скриншот
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әлемдегі ең биік ғимарат, 828 метрлік «Дубай мұнарасы» – «Бурдж Халифа» Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Қазақстан туымен безендірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео Қазақстанның Дубайдағы консулдығының Instagram аккаунтында жарияланды.
«Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады!», - деп жазылған видеода.
Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстан әнұраны таңдалды.
Дубайдағы «Бурдж Халифаның» Қазақстан туымен безендірілуі бірінші рет емес. 2022 жылдың желтоқсанында зәулім ғимарат Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне Қазақстан туының көк түсімен жарықтандырылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды