$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында туристер құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды

Олар автокөлікпен жүрген және кері жолды таба алмаған

Түркістан облысында туристер құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында қарағандылық туристер адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше Төлеби ауданының таулы аймағында Қарағанды облысынан келген туристер адасып кеткен. Олар автокөлікпен жүрген және кері жолды таба алмаған. Көлікте төрт адам, оның ішінде екі бала болды.

«Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағы шұғыл жетті. Байланыстың тұрақты болмағанына қарамастан, геолокация арқылы туристердің орналасқан жері анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Адасқандар 1800 метр биіктікте орналасқан «Ақсу» каньоны аумағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз автожолға дейін шығарып салды, содан кейін туристер өз көлігімен жолын жалғастырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда үш мың метр биікке шыққан туристер тұманда адасып кеткен болатын. Олар ауа райының күрт нашарлауына байланысты шыңнан өздігінен түсе алмаған.

 

Серіктес жаңалықтары