$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үш мың метр биікке шыққан туристер тұманда адасып кетті

ТЖМ құтқарушылары 3180 метр биіктікте тұманда қалған үш адамды түсірді

Алматыда үш мың метр биікке шыққан туристер тұманда адасып кетті
Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда 3180 метр биіктікке шыққан үш адам тұманда адасып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Кеше теңіз деңгейінен Совет шыңына көтерілген үш турист күрделі жағдайда қалды. Олар ауа райының күрт нашарлауына байланысты: таулы аймақты қалың тұман басқандықтан, шыңнан өздігінен түсе алмаған.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп, дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Туристермен байланыс үзілмей, олардың тұрақты жері анықталды.

«Үйлесімді және жедел жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар топқа сәтті жетіп, үш туристі таудан түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары