Коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған қазақстандықтар саны 15 мыңға жуықтады
Оның 12 мыңнан астамын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр
Қазақстанда крронавирус инфекциясының симптомсыз формасымен ауырған адамдардың саны 15 мыңға таяған. Олардың статистикасы жеке жүргізіліп жатыр. Ал, ауру расталған және сиптомы бар науқастар саны бүгін 19 750 адамға жетті.
Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова мәлім етті.
«Симптомсыз науқастардың статистикасы 15 мың адамға таяды. Сонымен қатар, 2 мың науқас вирустың жеңіл түрімен ауырып жатыр. Жоғарыда айтқан 15 мың адамның 12 мыңын дәрігерлер бақылауға алды. Статистика күн сайын жаңарып отырады», - деді Бекбосынова.
Айта кетейік, Қазақстанда 140 адам коронавирустан көз жұмды. Аурудан айыққандардың саны 12 мың адамнан асты.