$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2020, 10:50
Жаңалықтар

Жамбыл облысында аудандық білім бөлімінің бухгалтері 17 млн теңге жымқырған

Оның қылмысы дәлелденсе, 7-12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Жамбыл облысында аудандық білім бөлімінің бухгалтері 17 млн теңге жымқырған
kursiv.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігіне қарасты білім бөлімінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпен ұсталды. Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бухгалтер 17 млн теңгені қолды қылған.

Бұл қаражатты бухгалтер мектеп мұғалімдері арқылы шығарып отырған. Атап айтқанда, аудандағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін үш педагогтың айлығын артығымен бірнеше ай төлеп, бюджетке келтірілген шығын 17 миллион теңгеге жеткен.

«Қазіргі уақытта Байзақ ауданы білім бөлімінің есепшісіне қатысты Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен ҚР ҚК-ң 189- бабы 4-бөлігімен, яғни мемлекттік бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша, қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексерілуде», - делінген Департамент таратқан хабарламада.

Бухгалтердің қылмысы дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары