$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада бір топ жасөспірім дәретханада 10-сынып оқушысын аяусыз соққыға жықты

Мектеп оқушысын қатыгездікпен ұрып-соғу ісі тергеліп жатыр

Қызылордада бір топ жасөспірім дәретханада 10-сынып оқушысын аяусыз соққыға жықты
Фото: istockphoto.com

Қызылордада мектеп оқушысын қатыгездікпен ұрып-соғу ісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің ашу-ызасын тудырды: онда оқушының соққыға жығылғаны, ал еден мен раковинаның қанға боялғаны анық көрінеді.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, №198 мектептің әжетханасында алты жасөспірім 10-сынып оқушысы Олег Кимді аяусыз соққыға жыққан. Жасөспірім ауыр жарақат алып, отаға түскен.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, ұлын алты бала соққыға жыққанымен, полицейлер хаттамада оқиғаны «жекпе-жек» ретінде көрсеткен. Сондай-ақ хаттамадан жақ сүйегі сынғаны мен ми шайқалу туралы дерек алынып тасталған. Қазір Олег Ким отадан кейін ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның екі жерден жақ сүйегі сынғанын және мұрны сынғанын растады.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Полиция тарапынан топ болып жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің бәрі кәмелет жасына толмағаны белгілі болды.

«Барлық күдікті жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар кінәлі балалардың ата-аналары да балаларының тәрбиесіне тиісті түрде қарамағаны үшін жауапқа тартылады», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Оның айтуынша, оқиға материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, қосымша профилактикалық шаралар қабылданбақ.

«Қылмыстық істің тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында», – деп атап өтті Серік Тоқтыбаев.

Серіктес жаңалықтары