$ 537.84  626.85  6.79
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шахтинск қаласында есірткі таратып, ақша таппақ болған шетелдіктер ұсталды

Аймақта «Қарасора-2025» операциясы өтті

Шахтинск қаласында есірткі таратып, ақша таппақ болған шетелдіктер ұсталды
Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында есірткі таратып жүрген екі шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олар есірткіні жасырын жолмен таратты деген күдікке ілінді.

Тінту кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдардан жалпы салмағы шамамен 0,5 грамм болатын A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 граммдық 11 түйіншек табылды.

«Екінші күдіктіден куратормен хат алмасулар мен есірткі жасырылған жерлер туралы фотосуреттер анықталды, нәтижесінде тағы 16 түйіншек табылды. Тұрғылықты жерінен мефедронға ұқсас 0,5 грамм зат табылды.

Қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер кінәсін мойындады. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, күдіктілер уақытша қамауға алынды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары