$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пәкістан енді Ауғанстан астанасына әуеден соққы жасады

Екі ел арасындағы қақтығыс 11 қазан күні кешкі уақытта басталды

Пәкістан енді Ауғанстан астанасына әуеден соққы жасады
Фото: Saeed Ali Achakzai / Reuters

Пәкістанның қарулы күштері Ауғанстан астанасы – Кабул қаласына әуеден соққы жасады. Бұл туралы Aamaj News ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Пәкістан Кабулдағы нысандарға әуе соққыларын жасауда. Пәкістанның дрондары кем дегенде төрт рет Таймани ауданындағы нысандарды атқылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 қазан күні кешкі уақытта Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыстар болған. Ауғанстанның Кунар, Нангархар және Гильменд провинцияларында атыс пен жарылыстар тіркелді.

Кейінірек Ауғанстанның қорғаныс министрлігі Пәкістанға қарсы «кек алу операциясының» сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл операция Пәкістанның әуе соққылары мен ел әуе кеңістігін бұзуына жауап ретінде жүргізілген.

Серіктес жаңалықтары