$ 537.84  626.85  6.79
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«22 жылдан бері есепте тұр»: Қостанайда бейімдеу орталығындағы оқиға бойынша тың мәлімет жарияланды

Санитарлық қызметкер қазір үйқамақта отыр

«22 жылдан бері есепте тұр»: Қостанайда бейімдеу орталығындағы оқиға бойынша тың мәлімет жарияланды
Фото: Видеодан скрин

Қостанайда айықтыру орталығындағы санитарлардың бірі пациентті ұрып-соққан іс бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды. Ал айыпталушы Ғалымжан Тижбаев журналистерге өз нұсқасын айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Тобыл Инфо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйек айында әлеуметтік желіде шілде айында түсірілген бейнежазба тараған. Онда Костанайдағы бейімдеу және айықтыру орталығында екі санитардың ер адамды соққыға жыққаны көрінеді.

Жәбірленуші – 61 жастағы ер адам. Дәрігерлер оның екі қабырғасы сынғанын және бүйрегінің жыртылғанын, кейін оны алып тастауға тура келгенін мәлімдеген.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша іс қозғалды. Күдікті – бұрынғы санитар Ғалымжан Тижбаев. Ол жұмысынан босатылып, 28 шілдеден бері үй қамақта отыр.

Іс Костанай қаласының №2 сотына түскен. 15 қазанда қаралуы тиіс отырыс айыпталушының қорғаушысы өтініш жасағандықтан, 24 қазанға шегерілді.

Ғалымжан Тижбаев журналистерге не себепті жанжал шыққанын айтты:

«Пациент палатада темекі шегіп отыр. Бұл – қатаң тыйым салынған. Бірнеше рет ескерту жасалды, бірақ ол тыңдамады, кейін балағаттап, ар-намысқа тиетін сөздер айтты. Сол сәтте аффект жағдайында болдым. Өзімді кінәлімін деп санамаймын, себебі сараптама нәтижелері бойынша оның денесінде оған дейін де жарақаты болған әрі 22 жыл бойы есепте тұрған маскүнем. Бір жыл ішінде ол бізге аптасына екі-үш рет түсетін. Сол күні оны сағат 13:30-да Абай даңғылындағы аялдамадан жеткізілген. Менің ұстанымымды адамдар дұрыс түсінсе деймін», – деді ол.

Айыпталушының сөзінше, жәбірленуші тарап моральдық өтемақы ретінде үлкен сома талап еткен.

«Дәл қанша екенін айтпаймын, бірақ прокурордың өзі таңғалды», – деді Тижбаев.

Серіктес жаңалықтары