$ 539.56  627.35  6.84
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қауіпсіздік сақталмаған»: ШҚО-да екі жұмысшының қазасына қатысты тексеріс аяқталды

Қайғылы оқиға кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталды

«Қауіпсіздік сақталмаған»: ШҚО-да екі жұмысшының қазасына қатысты тексеріс аяқталды
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында «Нарын КомХоз Сервис» мекемесінің екі қызметкерінің өлімі бойынша қызметтік тексеріс аяқталды. Қайғылы оқиға биыл көктемде Үлкен Нарын ауылында су құбырындағы ақауды жою кезінде болған. Оқыс жағдайдан дәнекерлеуші мен слесарь қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО Еңбек инспекциясы комитетінің департаментінен мәлім еткендей, тексеріс барысында оқиғаның себебі еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы болғаны анықталды. Жұмыс беруші кінәлі деп танылды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға міндетті. Ол топырақ пен техника жағдайын бағалап, барлық қауіпті фактор көрсетілген нұсқаулық беруі керек еді. Әрбір қызметкер бұл нұсқаулықпен танысуға міндетті. Ақаулар анықталған жағдайда жұмыстар дереу тоқтатылуы тиіс», – деп түсіндірді департамент басшысы Бақытбек Қизатов.

Қизатовтың айтуынша, траншея қазғанда қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелер бар: қабырғалар тік болмауы немесе арнайы тақтайлармен нығайтылуы тиіс. Аталған жағдайда бұл шаралар жасалмаған, нәтижесінде топырақ опырылып түскен.

Айта кетейік, қайғылы жағдайдан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов оқиға орнына барды. Ол қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, апаттың себебін жан-жақты тексеруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары