$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстікте – 13 градус суық, оңтүстікте – 26 градус ыстық: сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер болжамы жарияланды

Солтүстікте – 13 градус суық, оңтүстікте – 26 градус ыстық: сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аздаған жаңбыр жауады.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі аяз күшейіп, температура -7…-12° дейін төмендейді. Күндіз ауа +2…+7° жылы болады. Астана мен Көкшетауда күн ашық, бірақ түнде қатты суытады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда – Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларындажылы әрі құрғақ ауа райы сақталады. Күндіз +14…+26°, түнде +1…+9°. Кей өңірлерде жел күшейеді, ал Қызылордада шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс өңірлерде – Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында ауа райы салқын, кей жерлерде жаңбыр жауады және тұман түседі. Күндіз +10…+20°, түнде +5…+10°.

Шығыс пен солтүстікте – Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, бірақ түнде ауа райы -8…-13° дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 0…+5° шамасында болады.

Серіктес жаңалықтары