$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жалған нөмір тағып, жол ережесін 25 мәрте бұзған: БҚО-да «шумахер» ұсталды

589 мың теңге айыппұлы бар жүргізуші жауапқа тартылды

Жалған нөмір тағып, жол ережесін 25 мәрте бұзған: БҚО-да «шумахер» ұсталды
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында жол қозғалысы ережесін 25 рет бұзған және жалған мемлекеттік нөмір таққанжүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде полицейлер қала көшелерінің бірінде шетелдік есептегі Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікті 21 жастағы облыс тұрғыны жүргізгені анықталды.

Автоматтандырылған бейнебақылау жүйелерінің деректеріне сәйкес, жүргізуші 25 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, ал төленбеген айыппұлдың жалпы сомасы 589 800 теңгені құраған.

Қосымша тексеру кезінде көлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылғаны белгілі болды. Осыған байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік айыптұраққа қойылды.

Барлық 25 құқық бұзушылық бойынша әкімшілік қаулы шығарылып, іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

«Айыппұл төлемеу жауапкершіліктен босатпайды, ал жалған нөмірлерді пайдалану – заңға қайшы әрекет», – деп Полиция департаменті ескертті.

Серіктес жаңалықтары