$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда мас адам көлік ұрлап, басқа қалаға қашып бара жатқан жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктіні полиция бірнеше сағат ішінде трассада ұстады

Қарағандыда мас адам көлік ұрлап, басқа қалаға қашып бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ мәліметінше, 35 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласуынан басталған. Айтуынша, аулада тұрған Volkswagen T4 маркалы көлігін бөтен біреу айдап әкеткен. Көлік иесі келтірілген шығынды 3 миллион теңге шамасында деп бағалаған.

Ұрланған көлік трассадан табылды

Хабарлама түскен бойда көлікке қатысты бағдар барша патрульдік экипажға жолданған. Араға көп уақыт салмай, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті Қарағанды маңындағы тасжолда байқап, оны тоқтату туралы шұғыл шаралар қабылдады.

Көлікті жүргізіп келе жатқан Қарағанды қаласының 43 жастағы тұрғыны екені анықталды. Одан алкогольдің иісі сезілген. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның орташа деңгейдегі алкогольдік мас күйдеболғаны расталды.

Қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оған мас күйінде көлік жүргізгені үшін де әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция мас күйде көлік жүргізудің – адам өміріне қауіпті әрекет екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтың заңмен қатаң жазаланатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары