$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада кальян шегіп, қаннен-қаперсіз отырған қыз-жігіттер күтпеген жағдайға тап болды

Оларға әкімшілік айыппұл салынды

Астанада кальян шегіп, қаннен-қаперсіз отырған қыз-жігіттер күтпеген жағдайға тап болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астанада көңіл көтеру орындарында кальян шегіп, қаннен-қаперсіз отырған қыз-жігіттер күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда полициясының мәліметінше, түнгі рейдтік іс-шаралары барысында мейрамханалардың бірінде кальян тұтыну дерегі анықталды.

Астана қаласының 23 жастағы тұрғынына қоғамдық орындарда темекі өнімдерін, соның ішінде кальян темекісін қолдануға заңмен белгіленген тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мұндай профилактикалық рейдтер жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Оның мақсаты – белгіленбеген орындарда шылым шегуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық санасын арттыру. Жыл басынан бері полиция 8 мыңнан астам осындай деректі тіркеп, барлық құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Полиция ескертеді: тыйымды бұзу үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қоғамдық орындарда кальян мен соған ұқсас құрылғыларды қолдану тек тұтынушыға ғана емес, айналасындағыларға да зиян келтіреді.

Елорда тұрғындарын белгіленген тәртіпті сақтауға, өзгелерді құрметтеуге және денсаулыққа қауіп төндірмеуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары