$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Телефоныңызды табамыз»: Сәденов 1,5 жыл бұрын смартфонын ұрлатып алған Самат Нұртазаға уәде берді

Депутат жоғалған телефондардың мәселесін қозғады

«Телефоныңызды табамыз»: Сәденов 1,5 жыл бұрын смартфонын ұрлатып алған Самат Нұртазаға уәде берді
Фото: istockphoto.com

Мәжілістің көшпелі үкімет сағатында депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Нұртаза жоғалған телефонын ішкі істер органы 1,5 жылдан бері іздеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутат Парламенттік тыңдауларда ішкі істер министрінің орынбасарларына қойған сұрағын қайта қоюға мәжбүр екенін айтты. Себебі мардымды жауап ала алмаған.

«Сіздер «1,5 млн камерамыз бар, қылмыстың 58 пайызын ашып жатырмыз» дейсіздер. Қарапайым сұрақ: неге жоғалған смартфондар табылмайды? Сіздің орынбасарларыңыз «смартфондарды шашып тастап, Қырғызстанға алып кетеді, біз таба алмаймыз» дейді. Есіл аудандық полициясында арызым жатқанына 1,5 жыл болды. Мені қойшы, қарапайым халық смартфонын жоғалтады, оның ішінде құнды деректер болады. Осындай ұсақ қылмыстар ашылмай жатқанда, жаһандық дүниені айту қызық қой. Смартфонды қашан табасыз?», - деді Самат Нұртаза.

Ержан Сәденов бұл ұрлық көлеңкелі әдіс арқылы жасалуы мүмкін дейді.

«Көлеңкелі әдіс болуы мүмкін. Себебі шынымен де, таба алмай жатырмыз. «Пиратский» дейді ғой. Оны да мұқият қарау керек. Бұл бағытта проблема бар. Мұндай сындарды ескереміз. Қылмыстардың себебі мен салдарын қараймыз. Енді сіздің телефоныңызға қатысты, мына жерде осы қылмысты аша алмай жүрген Игорь Лепеха, Санжар Әділов отыр. Оны өткізудің орындарын да қараймыз. Табамыз телефоныңызды», - деді Ержан Сәденов.

Серіктес жаңалықтары