$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды

Қозғалыс ертең таңғы сағат 08:00-де ашылады

Қарағанды облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

«ҚазАвтоЖол» Қарағанды облысында республикалық маңызы бар тасжолда қозғалыс шектелгені туралы жедел ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарламаға сәйкес, 12 қазан күні сағат 21:00-ден бастап Қарағанды облысында Қарағанды – Аягөз – Бұға бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 64-шақырымынан 217-шақырымына дейінгі (Ботақара – Қарқаралы аралығы) учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

«Қозғалысты уақытша шектеудің себебі – ауа райының күрт нашарлауы және жазғы шиналары бар автокөліктердің көп болуы. Бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қозғалысты ашу 13 қазан күні сағат 08:00-де, ауа райы тұрақтанған соң және жолдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта аталған учаскеде төрт арнайы жол техникасы жұмыс істеп жүр, жол жабындысын тазалау және көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары