12.10.2025, 14:22
Жаңалықтар
Ауа райы бұзылды: ШҚО-да көлік қозғалысы шектелді
Қар мен көктайғақ салдарынан қозғалыс қиындады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Шығыс Қазақстан облысында қысқы дөңгелек орнатпаған көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Бұл шешім өңірде ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қар мен көктайғақ салдарынан қозғалыс қиындады
Шектеу «Өскемен – Тарғын – Самарское» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда енгізілді.
«Қазавтожол» өңірлік бөлімшелерінің мәліметінше, алдағы сағаттарда республикалық жолдарда да қар мен көктайғақ күтіледі.
«Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, барлық арнайы техника маршруттарда тұр. Водительдерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға және аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауға кеңес береміз», – деп жазылған хабарламада.
Дайындық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- Қар тазалау және құм себу техникасы тәулік бойы кезекшілік режиміне көшті;
- Төтенше жағдайлар департаменті жолға шығатындардан көліктің техникалық жағдайын тексеруді және қысқы шиналарды орнатуды ескертті;
- Қатты жел мен қар аралас жауын салдарынан көріну деңгейі төмендеп, жол қозғалысы қиындай түсті.
Көп оқылған
02.03.2026, 10:30
Дубай әуежайына зымыран құлаған сәттің видеосы тарады (ВИДЕО)
02.03.2026, 15:41
«Ата-анасы мен қарындасын өлтіріп, бөлшектеп тастаған»: Астана маңындағы ауылда жантүршігерлік қылмыс болды
02.03.2026, 12:23
«Аспанда зымырандардың атылғанын өз көзімен көрді»: Инна Рей Дохадағы ахуал жайлы айтып берді
02.03.2026, 15:48
«Тоқсан екі банк картасы мен 46 ұялы телефон табылды»: ҚМА Ақтөбеде ірі операция өткізді (ВИДЕО)
02.03.2026, 06:01
Күн жылынады: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)