$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда дөңгелегінен өрт шыққан ұшақ әуежайға қайта қонды

Ұшақ ұшу кезінде тоқтатылған

Қостанайда дөңгелегінен өрт шыққан ұшақ әуежайға қайта қонды
Фото: © istockphoto.com

Қостанай – Астана бағытындағы рейстің ұшуы кезінде Qazaq Air әуе компаниясының ұшағынан ақау анықталды. Оқиға 11 қазан күні Қостанай халықаралық әуежайында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұшақ ұшу кезінде тоқтатылған

Qazaq Air баспасөз қызметінің хабарлауынша, IQ368 Костанай – Астана тұрақты рейсін орындау кезінде ұшу сәтінде техникалық ақау тіркелген.

Кейбір жолаушылар шассидің (қондыру дөңгелегінің) тұсынан қысқа уақытқа жарық шығуын байқағанын хабарлаған.

«Бұл дерек техникалық тексеріс кезінде ескеріліп, егжей-тегжейлі сарапталады. Ұшу қауіпсіздігі үшін рейс дереу тоқтатылды», – делінген авиакомпания хабарламасында.

Барлық жолаушы аман-есен эвакуацияланды

Ұшақ өз бетімен перронға қайта оралып, барлық жолаушы терминалға жеткізілді.

Компанияның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Техникалық тексеру жүргізу үшін Қостанайға арнайы инженерлік топ жіберілді», – деп мәлімдеді Qazaq Air өкілдері.

Тергеу мен тексеріс басталды

Қазір әуе компаниясы ұшақтың техникалық жағдайын егжей-тегжейлі тексеріп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша ұшаққа техникалық қызмет көрсетіледі. Оқиға себебі мен шығу тегі анықталған соң, әуе қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік органдарға баяндалады.

Серіктес жаңалықтары