$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қалай қарайсың?»: Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады

Әзірге волейболшы ұсынысқа жауап бермеді

«Қалай қарайсың?»: Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов желідегі оқырманының идеясын қолдап, волейболшы Сабина Алтынбековаға өзінің фильміне түсуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында алғашқы фильмін 2026 жылдың көктемінде түсіруді жоспарлап отырғанын айтып, қыздарға арнайы үндеу жасады.  

«Иә, бұл рас: келесі көктемде алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді жеке таңдап жатырмын, жобаның қаржылық жағына да толық жауаптымын. Бұл фильм менің дебютім ғана емес, ол қазақстандық кинематографияның жаңа тынысы болғанын қалаймын. Қыздар, сізге жазған болсам, бұл сізді рөлге қарастырамын деген сөз», - деп жазды Хамитов.

 Хамитовтың оқырмандарының бірі рөлдердің біріне волейболшы Сабина Алтынбекованы таңдауды ұсынды. Бұл ұсынысты спортшы қолдай кетті.

«Жақсы идея! Қалай қарайсың?», - деп жазған Қуат Хамитов Сабинаның аккаунтын белгілеп қойды. Әзірге волейболшы ұсынысқа жауап бермеді.

 Қуат Хамитов бұған дейін волейболшыны ұнататынын бірнеше рет айтқан болатын. Алайда Сабина 2020 жылы басқа адамға тұрмысқа шығып кетті.

Алтынбекова жақында күйеуімен ажырасқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары