$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда есірткі сатып жүрген ер адам қолға түсті

Ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыда есірткі сатып жүрген ер адам қолға түсті
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеке тінту барысында ұсталған адамнан ұнтақ түріндегі зат табылды және тәркіленді. Күдіктінің ұялы телефонын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды жасырған орындардың фотосуреттері анықталды. Полицейлер бірнеше «бетбелгі»қойылған орынды тапты, олардың ішіндегісі сараптамаға жіберілді.

Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі таңда біз жастардың жылдам пайда табу мақсатында «өлімді сататын» интернет-дүкендердің арбауына түсіп жатқан жағдайларын жиі анықтап отырмыз. Біздің қызметкерлер мұндай бетбелгі қоюшыларды күн сайын анықтап, олардың әрекетінің жолын кесуде. Есірткі таратудың кез келген түрі – тіпті делдал ретінде қатысу да – ауыр қылмыс болып табылады. Ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Серіктес жаңалықтары