Air Astana-ны 20 жыл басқарған Питер Фостер қызметінен кететін болды
Оның орнына кім тағайындалатыны белгілі болды

Air Astana-ны 20 жыл басқарған Питер Фостер 2026 жылдың наурызында қызметінен кететін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүшесі қызметтерінен кететінін мәлім етті.
Дегенмен Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады.
Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.
Жанлыел 2003 жылдан компаниялар тобының құрамында жұмыс істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтерді атқарып, 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры лауазымын иеленіп келеді.