$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда ер адам мас күйінде бейтаныс адамды пышақтап өлтірген

Оған қатысты сот үкімі шықты

Талдықорғанда ер адам мас күйінде бейтаныс адамды пышақтап өлтірген
Фото: istockphoto.com

Талдықорғанда сот мас күйінде жанжал кезінде адам өлтірген жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақтық сотқа сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылдың 26 маусымына қараған түні «Жұлдыз» шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында болған.

«Түнгі сағат үш шамасында ер адам алкогольдік мас күйде болмашы себеппен бейтаныс адаммен сөзге келіп қалған. Жанжал барысында ол қолындағы асүй пышағын бірнеше рет сұғып алып, жәбірленушіге ауыр жарақат келтірген. Соның салдарынан ер адам көз жұмған», – делінген сот хабарламасында.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, марқұмның туыстарынан кешірім сұраған.

Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

«Сотталғаннан 4,4 миллион теңге материалдық шығын және 15 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді», – деп нақтылады сот өкілдері.

Серіктес жаңалықтары