$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін енді көзін емдетуге жұмсап жатыр – зерттеу

Көз емдеуге қатысты сұраныс бір айда бірнеше есеге артқан

Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін енді көзін емдетуге жұмсап жатыр – зерттеу
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу қызметтеріне біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға тыйым салғаннан кейін, қазақстандықтар бұл қаражатты көз ауруларын емдеуге жұмсай бастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Бірінші кредиттік бюроның деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Бір айда сұраныс бірнеше есе артты

2025 жылдың қыркүйегінде офтальмологиялық қызметтерге төлем жасау үшін 1 611 өтініш орындалған. Жалпы сомасы – 1,4 миллиард теңге.

Бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 6 есеге жуық артқан. Ал өткен жылғы орташа айлық көрсеткішпен салыстырғанда өсім 8 еседен асқан.

Тіс емдеуге бөлінген қаражат қайтарылуда

Сонымен бірге тіс емдеу бағыты бойынша қайтарылған қаражат көлемі күрт өскен. Қыркүйекте 27,3 мың өтініш бойынша 21,8 миллиард теңге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шоттарына қайта түскен.

Салыстыру үшін: тамыз айында бұл көрсеткіш небәрі 3,7 миллиард теңге болған.

Тұрғын үйге жұмсалатын төлемдер де өсіп барады

Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында да белсенді пайдаланылуда. Қыркүйекте бұл бағыт бойынша 128,9 мың өтініш орындалып, жалпы сомасы 73,3 миллиард теңгені құрады.

Бұл – тамыз айындағы деңгейден шамамен 20 пайызға көп.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ережелер енгізді

Еске салайық, қыркүйек айында Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу қызметтеріне біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға толық тыйым салу туралы бұйрық жобасын жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары