Ол бөтен отбасының жеке ісін талқыламауға шақырды
Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әріптесі Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуі арасындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жұртты өнер адамдарының жеке өмірін талқылауды тоқтатуға шақырды.
Баян Алагөзова Instagram желісіндегі сторисінде экс-жұбайлардың арасында желіде өршіген жанжалға қатысты өз ойын жазды.
Продюсер «Күйеу бала» сериалының актерлері Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаевтың қарым-қатынасын қызу талқылап жүргендерге кеңес берді.
Сондай-ақ ол бұрынғы жары Дариғаны тікелей эфирге шақырған Дарханға да үн қатты.
«Халайық, тоқтаңыздаршы! Не болып бара жатыр өзі? Дархан, еркектік қалпыңызда қалыңыз... Бұған халықтың, туыстар мен сыныптастардың қандай қатысы бар? Бүкіл ел біреудің жеке өмірін талқылап жатыр. Ешкім бөтен отбасының жеке ісіне араласуға құқығы жоқ», – деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев неліктен ажырасқаны туралы көлемді сұхбат берген.