$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлсайға шомылған Павел Дуровтың видеосына ұлттық парк түсініктеме берді

Мұнда суға түсуге тыйым салынған

Көлсайға шомылған Павел Дуровтың видеосына ұлттық парк түсініктеме берді
Фото: T.me/durov/Видеодан скрин

Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде «ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың мұздай суға шомылған сәті түсірілген видео желіде тарады. Осыған байланысты Мемлекеттік ұлттық табиғи парк өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық парктің мәліметінше, мұнда шомылуға туристік бағыт паспортына сәйкес қатаң тыйым салынған.

«Аталған жағдай бойынша парк басшылығы қызметтік тексерісті бастады. Оның нәтижесінде бақылау учаскесіне жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді парк әкімшілігі.

Айта кетейік, Павел Дуров Көлсай көлінде суға түсіп жүрген видеосын Telegram-дағы сторисінде жариялап, оған қысқаша: «Тамаша шомылдым» деген жазба қалдырған еді.

Серіктес жаңалықтары