$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы емханаларда мүшеқаптар тегін беріліп жатыр

Денсаулық сақтау министрі оның нақты себебін түсіндіріп берді

Қазақстандағы емханаларда мүшеқаптар тегін беріліп жатыр
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады. Осыған байланысты емханаларда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға контрацептивтер тегін беріле бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады. Сәби жоспарлаудың заманауи әдістері бар кезде біз бұл көрсеткішті азайту бағытында жұмыс істеуіміз керек. Себебі әрбір түсік – әйел адамның денсаулығы мен өміріне төнген қауіп. Қазір емханаларда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тегін контрацептивтер беру үшін арнайы қаражат бөлінген», – деді Үкімет отырысындағы брифингте.

Министрдің айтуынша, мұқтаж әйелдерді контрацепция құралдарымен қамтамасыз етуге медициналық ұйымдардың өз бюджеті жұмсалады, ал кей өңірлер бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен де қаржы бөлген.

Серіктес жаңалықтары