25.06.2020, 03:41
Жаңалықтар
Ақтөбеде пневмониядан тағы 4 адам көз жұмды
28 науқас ауыр халде жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбеде бір тәуліктің ішінде пневмониядан тағы төрт адам көз жұмды. 28 науқас ауыр халде жатыр. Олардың жартысына жуығы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірде 1 мың 257 адам өкпе қабынуына шалдыққан. Бүгінгі күнге дейін аталған дерттен 22 адам қайтыс болды. Олардан COVID-19 анықталмады.
«Осы күнге тоғыз науқас тіркелді. Ақтөбе қаласында және бірнеше аудандарда әртүрлі кезекшілікте тұратын, тамақ дайындайтын, тәрбиелеушілердің арасында жұмыскерлер арасында тез тарамау үшін, сонымен қатар балаларға ауру жұқпау үшін балабақшаларды жабу туралы шешім қабылданды», - деді Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады