$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үсік жүреді: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады

Қала тұрғындарына ескерту жасалды

Алматыда үсік жүреді: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
Фото: istockphoto.com

Алматыда 7 қазан күні үсік жүреді деп күтіліп отыр. Осыған байланысты құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпау туралы үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін алматылықтарға 112 қызметінен ертең, яғни 7 қазан күні қалада 3 градусқа дейін үсік болатыны жөнінде ескерту хабарламасы келді.

Осыған орай Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шықпауға кеңес берді.

«Туристер мен демалушылар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Егер қатты жауын-шашын немесе үсік туралы дауылды ескерту жарияланса, тауға серуендеуді ауа райы жақсарғанға дейін кейінге қалдырған жөн», – деп ескертті құтқарушылар.

Егер тауға шығуды жоспарласаңыз, ТЖД қараңғы түспей қалаға қайтуды ұсынады, себебі кешке адасып кету қаупі жоғары.

 

Серіктес жаңалықтары