$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды

Бұл көшенің ашылуы көлік қозғалысының жылдамдығын айтарлықтай арттырады

Астанада Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласында Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Т.Рысқұлов көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра өзеніне дейінгі учаскесінің ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған учаскеде жол құрылысына қатысты ауқымды жұмыс жүргізілді: көшенің жарықтандыру жүйесі, бағдаршам нысандары және жол қозғалысын реттеуге қажетті барлық белгі орнатылды. Тротуарларды абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

«Бұл учаскенің ашылуы көлік қозғалысының жылдамдығын айтарлықтай арттырып, қалалық магистральдердің жүктемесін азайтады.

Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтап, жаңа жол учаскесінде мұқият болуды сұраймыз», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары