ШҚО-да ірі көлемде есірткі өсірді деген күдікпен жас жігітпен қолға түсті
Күдіктіден марихуана, каннабис есірткісі тәркіленді

ШҚО-ның Глубокое ауданында заңсыз есірткі сақтап, өсірді деген күдікпен 22 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел тінту барысында күдіктінің үйінің аумағынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталарын аңғарған.
Сонымен қатар, шыны банка мен кептірілген өсімдік салынған қап, металл табақшалар мен ыдыс-аяқ табылды. Сондай-ақ өсімдіктер салынған кептіргіш машина тәркіленді.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екенін анықтады. Психотроптық заттың салмағы 4 келіні құрады. Бұған қоса, сарапшылар 1,2 келіні құрайтын каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасын анықтады.
«Аталған фактілер бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.