Баум тоғайында бірде-бір ағаш кесілмейді – Алматы әкімдігі маңызды мәлімдеме жасады
Бұған дейін орманның 48 пайызы кесіледі деген ақпарат тараған еді

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы Баум тоғайында 104 429 ағаш және 5081 бұта бар екенін және орманда бірде-бір ағаш кесілмейтінін хабарлайды, деп жазады Azattyq Rýhy Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, осы 104 429 ағаш пен 5081 бұта мемлекеттік орман қоры санатына жатады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бір бөлігі.
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу деректеріне сәйкес, сау екпелер – 55%, әлсіреген – 23%, өсімі тежелген – 12%, қурай бастағандар – 8%, қурап біткен және апатты жағдайдағысы – әрқайсысы 1%. Осылайша, апатты жағдайдағы ағаштардың үлесі жалпы ағаш санынан 9%-дан сәл ғана асады. Бұл БАҚ-та бұрын таралған «48% ағаш кесіледі» деген ақпаратты жоққа шығарады», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар 2026 жылы аумақты абаттандыру аясында тоғайдың жасыл қорын нығайту және табиғи шығындарды өтеу үшін мыңнан астам жаңа ағаш егілмек екен.