$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алма бақтарының аумағы 29 мың гектарға жетті

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі алма өсіру көрсеткіштерін жариялады

Қазақстанда алма бақтарының аумағы 29 мың гектарға жетті
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда алма бақтарының жалпы аумағы 29 мың гектарға жуықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Алма бақтарының басым бөлігі – оңтүстікте

Министрліктің 2025 жылғы 4 қазан күнгі дерегіне сәйкес, еліміздегі алма бақтарының аумағы шамамен 40,6 мың футбол алаңына тең.

Бақтардың көп бөлігі келесі өңірлерде орналасқан:

  • Алматы облысы
  • Жетісу облысы
  • Жамбыл облысы
  • Түркістан облысы

Тек Алматы мен Жетісу облыстарында ғана 2,4 мың гектардан астам алма бағы бар, онда 416 мыңнан астам ағаш өсіп тұр.

Мемлекеттік қолдау нәтижесін беріп жатыр

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, соңғы онжылдықта мемлекет тарапынан көрсетілген инвестициялық субсидиялар мен интенсивті технологияларды енгізу шаралары оң нәтиже берді.

«2014 жылдан бері фермерлерге бақ егу мен заманауи технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Соның арқасында алма өнімінің жалпы көлемі 43%, ал өнімділік 27% артты»», – деді вице-министр.

Апорт бағы қайта жаңғырады

Министрлік мәліметінше, 2027 жылға дейін апорт алмасының 110 гектар бағы отырғызылады.

Ал Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары апорттың сапасын арттыру бағытында селекциялық және агротехникалық бағдарламаларжүргізіп жатыр.

85 жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде 400-ге жуық алма сорты мен буданыжинақталған. Оның ішінде 29 жаңа сорт апорт негізінде шығарылған.

Серіктес жаңалықтары