Қазақстанда ауа райы минус 2 градусқа дейін суытады – синоптиктер болжамы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Синоптиктер жексенбі, 5 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +7 +9°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3 +5°С, күндіз +13+15°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5 +7°C, күндіз +19+21°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +7+9°C.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +10+12°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +7+9°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +3+5°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +3+5°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8 +10°С.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз 0...-2°С болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1 -3°С, күндіз +1 +3°С.
Оралда күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5 +7°С, күндіз +18+20°С.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8 +10°С, күндіз +18 +20°С.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4 градус, күндіз +13 +15 градус.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы +5 +7°C, күндіз +19 +21°C.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +6 +8°С, күндіз +15°С +17°С.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.