$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мектеп асханасында оқушыларға бұзылған тамақ берілгені рас па

Мектеп асханасына қатысты шуға СЭС түсініктеме берді

Алматыда мектеп асханасында оқушыларға бұзылған тамақ берілгені рас па
Фото: Видеодан скрин

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Гүлнәр Кәрімова мектеп асханасына байланысты резонанстық жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ата-аналардың шағымынан кейін тексеріс өтті

Департаменттің білім беру және тәрбиелеу нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Кәрімованың айтуынша, ата-аналардан балаларды «бұзылған тағамдармен тамақтандырған» деген шағым түскеннен кейін жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылған.

«Нәтижесінде кәсіпкерге айыппұл салынып, нұсқама берілді. Сондай-ақ жеке кәсіпкер мен мектеп арасындағы келісімшарт бұзылды. Бұған қоса, жоспарлы тексеріс барысында санитарлық нормалардың белгілі бір бұзушылықтары анықталды. Бірақ балаларды шынымен де 'қалған тамақпен тамақтандырды' деген факт расталмады», – деді спикер.

Кәсіпкер мектептен шығарылды

Гүлнәр Кәрімованың сөзінше, қазіргі уақытта аталған компания бұл мектепте жұмыс істемейді.

Айта кетейік, осыған дейін мектеп асханасындағы жағдай елді шошытқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары