Өскеменде ішімдікке сылқия тойып, анаша шегіп алған прокурор жұмысынан қуылды
Ол мас күйінде жол апатына ұшыраған жерінен ұсталды

Өскеменде прокурор есірткіге және ішімдікке мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға қалай болды
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, прокурор Вилори Пан Борисович 26-нан 27 қыркүйекке қараған түні Hyundai Accent автокөлігімен Жеңіс даңғылында жарық шам бағанына соғылған.
«ЖКО-дан кейін ол аулаларға қарай қашпақ болған, алайда патрульдік полиция қызметкерлері ұстап, медициналық сараптамаға жеткізді. Сараптама қорытындысы оның қанында алкоголь барын және марихуана қолданғанын көрсетті», – деп жазады басылым.
Прокуратураның түсініктемесі
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бұл ақпаратты ресми түрде растады.
«Құқық қорғау органын масқаралаған теріс қылығы үшін Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Пан В.Б. прокуратура органдарынан шығарылып, «1-сыныпты заңгер» сыныптық шенінен айырылды», – делінген қадағалаушы орган хабарламасында.
2025 жылғы 3 қазандағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысымен Пан кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.