$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тараз тұрғыны қала әкімін сотқа бергеннен кейін ғана анасынан қалған үйі мен жерін қайтарып алды

Тараз тұрғынының мұрагерлік құқығын сот қалпына келтірді

Тараз тұрғыны қала әкімін сотқа бергеннен кейін ғана анасынан қалған үйі мен жерін қайтарып алды
Фото: istockphoto.com

Тараз қаласының тұрғыны анасы қалдырған тұрғын үй мен жер теліміне мұрагерлік құқығын сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Тараз қалалық соты «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» КММ талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады. Талап арыз аталған орталық қамқорлығындағы азаматтың мүддесін қорғау мақсатында Тараз қаласының әкіміне қарсы берілген.

Сот барысында 1966 жылы туған ер адамның 2000 жылдан бері II топ мүгедегі екені, «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қамқорлығында екені, ал 2013 жылы оны сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылғаны анықталды. 2024 жылғы мамыр айында анасы қайтыс болғаннан кейін оған тұрғын үй мен жер телімінен тұратын мұра ашылған.

Алайда нотариус азаматтың мұраға құқық алу туралы куәлігін мерзімді өткізіп алуына байланысты беруден бас тартқан. Талапкер ер адамның денсаулығына және әрекетке қабілетсіздігіне байланысты өз уақытында мұраға құқықтарын ресімдей алмағанын түсіндірді.

Сот мерзімді өткізіп алудың негізді себептерін және мұрагерлер арасында даудың жоқтығын ескере отырып, азаматтың құқықтарын қорғады және талап-арызды қанағаттандырды.

Сот шешімімен мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді. Осылайша, азамат ресми түрде мұрагер деп танылды. Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары