02.10.2025, 14:52
Жаңалықтар
Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорын қабылдады
Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.
Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды