$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ai-Sana бағдарламасы аясында 20 мың педагог оқып шықты- Саясат Нұрбек

Олар нарықта бәсекеге қабілетті бола түскен 

Ai-Sana бағдарламасы аясында 20 мың педагог оқып шықты- Саясат Нұрбек
Фото: Azattyq Ruhy

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жасанды интеллектіні оқытуға арналған «Айсана» бағдарламасы басталғанын мәлімдеді. Бағдарламаға ақпаннан бері 20 мыңнан астам педагог қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, алдағы жылдары еңбек нарығында басты бәсекеге қабілетті топ – жасанды интеллектті меңгерген азаматтар болмақ.

 «Жұмыс орындарын жасанды интеллект емес, оны игерген адамдар иеленеді. Ал жаңа технологияға бейімделмегендер біртіндеп еңбек нарығынан ығысып қалады», – деді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, екі жыл бұрын іске қосылған «coursera» жобасы елімізде цифрлық білім берудің жаңа мәдениетін қалыптастырды.

  • 400 мыңнан астам студент халықаралық сертификатқа ие болды;
  • Курстарды аяқтау көрсеткіші – 80%, бұл әлемдік деңгейдегі жоғары нәтиже болып саналады.

«Үш апта бұрын ғылым министрлігі «Tour-40 Global Award» халықаралық сыйлығын алды. Бұл жетістік еліміздің білім саласында жаңа технологияларды енгізудегі табысының дәлелі болды»,- деді ол. 

2025 жылдан бастап Қазақстанда «Айсана» бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында оқытушылар мен студенттер жасанды интеллект негіздерін меңгереді.

  • 20,5 мың педагог оқудан өтті;
  • 8 мыңнан астамы сертификат алды;
  • оқу жылының соңына дейін барлық оқытушы-профессорлық құрам қамтылмақ.
  • Бағдарлама Google, NVIDIA және 12 қазақстандық университетпен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
Серіктес жаңалықтары