$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 13:01
Жаңалықтар

Агенттік жемқорлықпен күресу үшін 200 теңге тұратын марка шығарды

Марка бүгіннен бастап айналымға енеді

Агенттік жемқорлықпен күресу үшін 200 теңге тұратын марка шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығарды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

«Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді», - делінген хабарламада.

Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен өтті.

«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», - деді Алик Шпекбаев.

Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Авторы және графикалық дизайнері – Д.Со, техникалық дизайні – І.Оңғарбай.

Серіктес жаңалықтары