29.09.2025, 17:12
Жаңалықтар
Қостанай облысында кішкентай қыз анасы мен ағасының мәйітін тауып алды
Қайғылы оқиға Аманқарағай ауылында болды
Фото: istockphoto.com
Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жергілікті тұрғындар екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Мәйіттерді кәмелетке толмаған қыз бала тауып, ауыл тұрғындарының біріне айтқан. Ол полицияға хабар берген. Қаза тапқандар қыздың анасы мен ағасы болып шықты.
«Ауыр қылмыс фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды