«Бақытты болыңдар»: Ақботанұр жуырда ғана үйленген экс-күйеуіне тілегін жеткізді
Дәурен Айдарқұлов үйленгенін айтып, суреттерін жариялады

Актриса, әнші Ақботанұр Нұрабайқызы жуырда ғана үйленген экс-күйеуі, актер Дәурен Айдарқұловқа тілегін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер желідегі парақшасында Астанадағы Бас мешітте некесін қиғанын көрсетіп, суреттерін жариялады.
«Мен үйлендім. Әлһәмдулиллә», – деп жазды актер.
Ал оның астына актердің экс-әйелі Ақботанұр Нұрабайқызы тілегін жеткізді.
«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын», – деп жазды актриса.
Дегенмен желі қолданушылары Дәурен Айдарқұлов пен Ақботанұр Нұрабайқызы қайта қосылып, некелерін қиды деген болжамдарын жеткізді.
«Сіз емессіз бе? Мен сіздер қосылды екен деп қуанып отырсам», «Ақбота сияқтығой иә басқа болса бұлай жазбайтын еді», «Дұрыс қой, өздеріне бақыт тілеп, бақытты болайық деп жатыр», – деп жазды желі қолданушылары.