Джеки Чан Қазақстанда киноға түсуі мүмкін
Алматыда Salem Entertainment компаниясы әлемдік киножұлдыз Джеки Чанмен кездесті

Алматыда Salem Entertainment компаниясының өкілдері әлемге әйгілі актер, режиссер, сценарист және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түсірілімге дайындық
Компания өкілдерінің айтуынша, тараптар ауқымды бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірісті. Алматыда Джеки Чан командасымен бірге алдағы түсірілім алаңдарын іріктеді. Ең бастысы, түсірілімнің елеулі бөлігі Қазақстанда өтетіні атап өтілді.
Келер жоба
Жобаның толық мәліметтері әзірге жарияланбаған. Алайда ұйымдастырушылар алдағы туындының ауқымды болатынын уәде етті.
«Біз үлкен бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алда сіздерді шынымен де ауқымды дүние күтіп тұр», – деп хабарлады Salem Entertainment компаниясы.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстанда Джеки Чанның жүргенін қызу талқылаған болатын.