Алматыда екі жаңа автобус паркі салынады
Оның әрқайсысы 300 автобусқа арналған

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Нәтижесінде екі жаңа автобус паркін салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әр парк 300 автобусқа арналған болады; нысандар газ толтыру компрессорлық станцияларымен (АГНКС) жабдықталады; құрылысқа жеке инвесторлар тартылады.
Қай жерде салынады?
Жаңа нысандардың нақты орналасуы да белгілі болды:
- бірі – Күлджін трактісі маңында,
- екіншісі – Мөңке би көшесінің солтүстігінде салынады.
Құрылысты 2026 жылдың наурыз айына дейін аяқтау жоспарланған.
Әкімнің тапсырмасы
Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын жеделдету үшін тиісті басқармаларға тапсырма берді:
- жер телімдерін рәсімдеу,
- инженерлік желілер бойынша техникалық шарттарды уақытылы беру,
- жобаны ерекше бақылауда ұстау.
Әкімнің айтуынша, қазіргі инфрақұрылым автобустарды жанармаймен қамту мен техникалық қызмет көрсету қажеттілігін толық өтей алмай отыр. Сондықтан жаңа парктер мегаполистің қоғамдық көлігін дамытуда маңызды рөл атқарады.