27.09.2025, 15:17
Жаңалықтар
Қостанай облысында жүк көлігі жанармай құю станциясына соғылды
Адам шығыны жоқ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
27 қыркүйек 2025 жылы таңертең Shacman маркалы жүк көлігі Тобыл кентіндегі «Мұнай Өнімдері» жанармай құю станциясына соғылған. Оқиға туралы жергілікті басылымдар жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жапа шеккендер жоқ, жүргізуші мас болмаған. Қазір жол апатының нақты себептері анықталуда.
Полицияның түсініктемесі
Костанай облысының ДП өкілдері оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
«Жүк көлігі жүргізушісі тексеруден өтті, алкогольдік масаң күйде болмаған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады.
Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын апаттар жиі тіркеледі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайларға көбіне:
- жүргізушілердің шаршауы;
- тежегіш жүйесінің ақаулары;
- жолдың сапасы;
- ауа райы себеп болуы мүмкін.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті