Бүгін, 10:34
Жаңалықтар
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл қалаларда атмосферада зиянды қалдықтар жиналады

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
27 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Атырау және Алматы тұрғындарына қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қандай қалаларда ескерту жарияланды
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 27 қыркүйек 2025 жылы Қазақстанның бес ірі қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі. Бұл қалаларға мыналар кіреді:
- Қарағанды
- Теміртау
- Өскемен
- Атырау
- Алматы
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Қолайсыз метеожағбай – бұл ауа райының белгілі бір қысқа мерзімді факторлары (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) нәтижесінде атмосферада зиянды қалдықтардың жиналуына қолайлы жағдай туындауы. Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, денсаулыққа қауіп артады.
Дәрігерлер кеңесі
Сарапшылар тұрғындарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- Ашық ауада ұзақ уақыт болмау, әсіресе жол жиегінде;
- Жүрек-қан тамырлары, өкпе және аллергиялық аурулары бар азаматтарға қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүру;
- Балалар мен қарт адамдардың далада уақыт өткізуін шектеу;
- Үй-жайларды жиі желдетіп тұру, бірақ көлік көп жүретін көшелерге қарама-қарсы терезелерді ашпау.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
26.09.2025, 10:54
Маңғыстауда қайғылы жағдайда үш баласынан айырылған отбасыға ЭКО-ның сертификаты тегін берілді
26.09.2025, 21:20
«Шындықтың бетін ашамын»: Заттыбектің ешкім білмейтін баласы ел алдына шықты (ВИДЕО)
26.09.2025, 23:17
Қарақат Әбілдина әпкесін неліктен жек көргенін айтты (ВИДЕО)
26.09.2025, 09:12
Сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалды