Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 маусым күні бірнеше өңірде жаңбыр жауып, кей жерлерде аптап ыстық болады

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді. Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.