$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жезөкшелердің ордасы табылды

Астанада «Стоп-трафик» шарасы кезінде 21 құқық бұзушылық анықталды

Астанада жезөкшелердің ордасы табылды
Фото: Астана ПД

Астанада жеңгетайлықпен айналысып, жезөкшелерге үй бергендер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордада адам саудасының алдын алу мақсатында өткен «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасында полиция қызметкерлері 21 құқық бұзушылықты әшкереледі.

Полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс барысында жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа арналған үй-жайларды пайдаланудың 10 дерегі және қоғамдық орындарда мазалау бойынша 11 факт тіркелді.

«Әл-Фараби даңғылында 38 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары мұндай іс-шаралардың жалғасатынын және қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті», – делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары